Басты бет

Павлодар облысында көп функционалды спорт кешені бірінші рет 2013 жылдың сәуір айында коданысқа берілді.

Кешенде түрлі күрестердің, спорттық ойындардың, көркем гимнастика және ауыр атлетиканың одан әрі дамуына барлық жағдайлар жасалған, бұл өз кезегінде спорт мектептерінің жас спортшылары мен сондай-ақ жоғары деңгейлі спортшыларға өз шеберліктерін қазіргі заманға сай стандарттармен арттыруға мүмкіндік береді.

Халықты жүйелі түрде дене тәрбиесімен айналысуға көптеп тарту үшін кешенде жаттығу және фитнесзалдары берілген.

Сонымен қатар осы спорт кешенде спорттық-бұқаралық, мәдени-саяси іс-шаралар жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейде өткізіледі.

«Баянтау» Спорт Сарайында» келесі спорт түрлері бойынша сабақтар беріледі:
Көркем гимнастика, акробатика — 61-91-40
Волейбол — 55-09-02
Ауыр атлетика, үстел теннисі — 32-10-20
Муайтай, дзюдо — 57-02-98
Қазақша күрес — 32-10-20
61-91-04
Фристайл — 61-91-44

Директор: Сарсенов Мұрат Темірғалиұлы
Мекен жайы: Павлодар қ., Камзин көш. 39/2
Тел. : 8 (7182) 65-09-95
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 65-03-30