Қазақстан Республикасының VII-ші Қысқы универсиадасында қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 31 ЖОО-нан алдын ала өтінімдер берілді, бұл 1266 қатысушыны құрайды

Қазақстан Республикасының VII-ші Қысқы универсиадасында қазіргі таңда Қазақстан Республикасының 31 ЖОО-нан алдын ала өтінімдер берілді, бұл 1266 қатысушыны құрайды.

Универсиада екі кезеңмен өтеді:

Бірінші кезеңге алдын ала – 577 адам өтінім берді;

Екінші кезеңде – 689 адам.

2018 жылғы 1-6 наурыз аралығында универсиаданың бірінші кезеңінде шаңғы жарысы, қысқы президенттік көпсайыс, футзалдан және баскетболдан ерлер мен әйелдер арасында жарыстар өтеді.

Екінші кезеңде спорттың 5 түрінен жарыстар өтеді, дәлірек айтсақ, қазақ күресі, қысқы спорттық бағдарлау, армрестлинг, гір спорты, пауэрлифтинг.