24-26 ақпан аралығында Павлодар қаласының спорттық құрылыстарында Президенттік көпсайыстың қысқы түрлері бойынша Астана қаласының 20-жылдығына, Павлодар облысының 80-жылдығына арналған XXI-ші кешенді облыстық спартакиадасының І-ші түрінің облыстық жарыстары өтті

24-26 ақпан аралығында Павлодар қаласының спорттық құрылыстарында Президенттік көпсайыстың қысқы түрлері бойынша Астана қаласының 20-жылдығына, Павлодар облысының 80-жылдығына арналған XXI-ші кешенді облыстық спартакиадасының І-ші түрінің облыстық жарыстары өтті. Жарыстарға 12 ауылдық аймақ, 3 қала, 96 спортшы қатысты. Жарыстар бағдарламасына спорттың келесі түрлері енді: пневматикалық винтовкадан ату, күш гимнастикасы, шаңғы жарысы – әйелдер 3 шақырым, ерлер 5 шақырым.

Абсолютті біріншілікте әйелдерде І-ші орынды 270 ұпай нәтижесімен Железин ауданының намысын қорғаған Ирина Быкова, ерлерде 232 ұпай нәтижесімен Павлодар қаласының спортшысы Анатолий Черняевич иеленді.

Қалалар арасындағы жалпы есепте: 1-ші орынды – Павлодар қ. командасы, 2-ші орынды – Ақсу қ. командасы, 3-ші орынды – Екібастұз қ. командасы иеленді.

Аудандар арасында: 1-ші орын – Железин ауданы, 2-ші орын – Ақсу ауылдық аймағы, 3-ші орын – Май ауданы, 4-ші орын – Качир ауданы, 5-ші орын – Ақтоғай ауданы, 6-шы орын – Лебяжі ауданы, 7-ші орын – Павлодар ауданы, 8-ші орын – Ертіс ауданы, 9-шы орын – Успен ауданы, 10-шы орын – Баянауыл ауданы, 11-ші орын – Шарбақты ауданы, 12-ші орын – Екібастұз ауылдық аймағы.