24-26 ақпан аралығында Павлодар қаласының спорттық құрылыстарында Президенттік көпсайыстың түрлері бойынша Астана қаласының 20-жылдығына арналған XXI-ші кешенді облыстық спартакиадасының І-ші түрінің облыстық жарыстары өтті

24-26 ақпан аралығында Павлодар қаласының спорттық құрылыстарында Президенттік көпсайыстың түрлері бойынша Астана қаласының 20-жылдығына арналған XXI-ші кешенді облыстық спартакиадасының І-ші түрінің облыстық жарыстары өтті. Жарыстарға 12 ауылдық аймақ, 3 қала, 96 спортшы қатысты. Жарыстар бағдарламасына спорттың келесі түрлері енді: пневматикалық винтовкадан ату, күш гимнастикасы, шаңғы жарысы – әйелдер 3 шақырым, ерлер 5 шақырым.

Облыс біріншілігінде әйелдерде І-ші орынды 232 ұпай нәтижесімен Железин ауданының намысын қорғаған Ирина Быкова иеленді.

Жоғарыда көрсетілген есепте қалалар арасындағы І-ші орынды Павлодар қаласы, аудандар арасында І-ші орынды Железин ауданы иеленді.