Сегізінші жыл қатарынан Қазақстанда «Қазақстан Барысы» жобасы жүзеге асырылуда

Жыл санап жобаның қарқыны күшейіп, көрермендерінің саны артып келеді. «Қазақстан Барысы» атағын иелену қазақстандық спортшылар үшін Олимпиада чемпионы атағын иелену секілді мәртебе. Төрт кезеңнен тұратын жобаға 100 мыңнан астам балуан қатысып, 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 миллионнан астам көрермен тамашалайды.

2018 жылғы 30 сәуірде Павлодар қаласында қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында қазақ күресінен «Павлодар барысы» облыстық жарыстарының үшінші кезеңі өткізілді.

Жарысқа қалалық және аудандық турнирлерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері, барлығы – 27 спортшы қатысты.

1 орын – Махамбетов Арман – Екібастұз қ., 1992 ж.т., 500 000 теңге

2 орын – Сәлменов Серік – Екібастұз қ., 1993 ж.т., 300 000 теңге

3 орын – Нүрпеисов Әділет – Екібастұз қ., 1985 ж.т,. 100 000 теңге

2018 жылғы 1 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турнирде Павлодар облысының намысын облыстық біріншіліктің жеңімпазы және финалисті қорғайды