Ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 11-13 мамыр аралығында Май ауданының Қаратерек ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Хасен Сейітқазинді еске алуға арналған ат спортының көкпар, аударыспақ, теңге ілу атты ұлттық түрлерінен ересектер арасында Павлодар облысының чемпионаты өтті.

Көкпар бойынша облыс чемпионаты командалардың сапқа түзілуімен салтанатты түрде ашылды. Чемпионатқа барлығы 7 команда қатысты. Бұл Екібастұз қаласы Ақкөл ауылының «Пырақ» командасы, Павлодар қаласынан келген команда, Баянауыл ауданының «Қызылтау» командасы мен Май ауданы Саты, Қаратерек, Ақшиман және Жұмыскер ауылдарының командалары.

Көкпардан жарыс қорытындылары бойынша бірінші орын Май ауданы Саты ауылының командасына, екінші орын Екібастұз қаласы Ақкөл ауылының «Пырақ» командасына және үшінші орын Баянауыл ауданының «Қызылтау» командасына берілді. Сонымен қатар, аударыспақ пен теңге ілу бойынша облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Көкпар, теңге ілу, аударыспақ бойынша жарыстардың жоғарыда аталған жеңімпаздары Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.