МҮДДЕНІ БІЛДІРУ СҰРАУЫ

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., 1 Май көш., 170 мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласында «Жеңілатлетикалық манеждің құрылысы» мемлекеттік-жекешелік  әріптестік жобасын әзірлеудің басталғаны туралы жариялайды және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тартуға арналған мүдделерді білдіру сұрауы мен осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну туралы хабарлайды.

 

МЖӘ объектісі: Жеңілатлетикалық манежі

Орналасқан орны: Павлодар қаласы

Жоба шарттары: «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ ұсынған жоба-сметалық құжаттамасының негізінде, қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарын және іске қосу-реттеу жұмыстар іске асыру, Жеңілатлетикалық манеж қызмет етуі үшін қажетті жиһаз және жабдықпен жабдықталуы.

Жобаны іске асыру мерзімі: 1,5 жылдық құрылыс кезеңін қоса есептегенде, 5 жылдан кем емес.

Жобаны қарыз қаражатын тартуды қоса есептегенде, әлеуетті жеке инвестор қаражаты есебінен Павлодар қаласында іске асырук жоспарланған.

Шығындардың орнын толтыру көздері: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9-бабы, 2-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес инвестициялық және операциялық шығындардың орнын толтыру.

 

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  • МЖӘ жобасының құны: жоба-сметалық құжаттамасына және Мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесіне сәйкес ҚҚС-ын есептегенде, 6 182 652,799 мың теңге;
  • Жеңілатлетикалық манеждің жобаланған ғимараты жоспарда тікбұрыш, осьтегі өлшемдері 87,8х108,0. Жеңілатлетикалық манеждің жалпы ауданы 14000 шаршы метр, құрылыс ауданы 10 129,2 шаршы метр;
  • Бір жолғы қызмет көрсету мүмкіндігі 1000 адамнан аса
  • Келесі жабдықпен жабдықталуы:

— 1000 көрерменге арналған көрермендер трибуналары;

— жеңіатлетикалық залдарға арналған жабдық;

— жаттығу залына арналған жабдық;

— киім шешетін бөлмелерге арналған жабдық;

— жаттықтырушылар бөлмелеріне арналған жиһаз бен жабдық;

— буфетке арналған жиһаз бен жабдық;

— медициналық-қалпына келтіру орталығына арналған жиһаз бен жабдық;

— әкімшілік аумаққа арналған жиһаз бен жабдық;

— жалпылай пайдалану аумағына арналған жиһаз бен жабдық.

  • Келесі жабдықпен жабдықталуы:

— 1000 көрерменге арналған көрермендер трибунасы;

— жаттығу жекпе-жегі залдарына арналған жабдық;

— жаттығу залына арналған жабдық;

— киім шешетін бөлмелерге арналған жабдық;

— жаттықтырушылар бөлмесіне арналған жиһаз бен жабдық;

— буфетке арналған жиһаз бен жабдық;

— медициналық-қалпына келтіру орталығына арналған жиһаз бен жабдық;

— әкімшілік аумаққа арналған жиһаз бен жабдық;

— жалпылай пайдалану аймағына арналған жиһаз бен жабдық.

 

Анықтамалық ақпаратты келесідей білуге болады:

— «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ,          8 (7182) 619364, 730542 нөмірлері бойынша, бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімі, электрондық мекенжайы kense.ufks@pavlodar.gov.kz, olifirovich.tatyana@pavlodar.gov.kz, Айнұр Мейрамқызы Қоспақова,   Татьяна Владимировна  Олифирович.

— «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, 8 (7182) 32-46-01 нөмірлері бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі, электрондық мекенжайы kense.debp@pavlodar.gov.kz, Ернар Қасымханұлы Кешубаев

Жоба бойынша ұсыныстар 30 күнтізбелік күн ішінде, алайда 2018 жылғы «17» тамыздан кешіктірілмей, қабылданады