МҮДДЕНІ БІЛДІРУ СҰРАУЫ

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., 1 Май көш., 170 мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласында «Олимпиадалық резервті даярлау орталығының құрылысы» мемлекеттік-жекешелік  әріптестік жобасын әзірлеудің басталғаны туралы жариялайды және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тартуға арналған мүдделерді білдіру сұрауы мен осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну туралы хабарлайды.

 

МЖӘ объектісі: Олимпиадалық резервті даярлау орталығы

Орналасқан орны: Павлодар қаласы

Жоба шарттары: «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ ұсынған жоба-сметалық құжаттамасының негізінде, қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарын және іске қосу-реттеу жұмыстар іске асыру, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының қызмет етуі үшін қажетті жиһаз және жабдықпен жабдықталуы.

Жобаны іске асыру мерзімі: 1,5 жылдық құрылыс кезеңін қоса есептегенде, 5 жылдан кем емес.

Жобаны қарыз қаражатын тартуды қоса есептегенде, әлеуетті жеке инвестор қаражаты есебінен Павлодар қаласында іске асырук жоспарланған.

Шығындардың орнын толтыру көздері: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9-бабы, 2-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес инвестициялық және операциялық шығындардың орнын толтыру.

  

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  • МЖӘ жобасының құны: жоба-сметалық құжаттамасына сәйкес ҚҚС-ын есептегенде, 2822480,31 мың теңге;
  • Олимпиадалық резервті даярлау орталығының жобаланатын ғимараты екі қабатты, осьтеріндегі өлшемдері 88мх46 м күрделі нысанды болып табылады;
  • Жоба мынаны көздейді:

— жаттығу үдерісіне арналған күш жекпе-жектері және 1000 көрерменге арналған көрермендер трибуналары бар халықаралық жарыстарды өткізу залын, спортшыларға арналған шешінетін бөлмелерді, жаттықтырушылар, төрешілер бөлмелерін, сонымен қатар, марапаттау бөлімдерін қамтитын функционалды спорттық ойын-сауық аймағы;

—  жаттығу жекпе-жегінің алуан түрлеріне арналған жаттығу залдарын, жаттығу залын, спортшылардың шешінетін бөлмелерін, жаттықтырушылар бөлмелерін, буфетті, медициналық-қалпына келтіру орталықтары мен басқа да қосалқы үй-жайларды қамтитын оқу-жаттығу аймағы;

— әкімшілік аймақ;

— жалпылай пайдалану аймағы.

  • Олимпиадалық резервті даярлау орталығының жалпы ауданы 6050,1 шаршы метр, құрылыс ауданы 3494,6 шаршы метр;
  • Бір жолғы қызмет көрсету мүмкіндігі 1000 адамнан аса;
  • Келесі жабдықпен жабдықталуы:

— 1000 көрерменге арналған көрермендер трибунасы;

— жаттығу жекпе-жегі залдарына арналған жабдық;

— жаттығу залына арналған жабдық;

— киім шешетін бөлмелерге арналған жабдық;

— жаттықтырушылар бөлмесіне арналған жиһаз бен жабдық;

— буфетке арналған жиһаз бен жабдық;

— медициналық-қалпына келтіру орталығына арналған жиһаз бен жабдық;

— әкімшілік аумаққа арналған жиһаз бен жабдық;

— жалпылай пайдалану аймағына арналған жиһаз бен жабдық.

 

 

Анықтамалық ақпаратты келесідей білуге болады:

— «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ,          8 (7182) 619364, 730542 нөмірлері бойынша, бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімі, электрондық мекенжайы kense.ufks@pavlodar.gov.kz, olifirovich.tatyana@pavlodar.gov.kz, Айнұр Мейрамқызы Қоспақова,   Татьяна Владимировна  Олифирович.

— «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, 8 (7182) 32-46-01 нөмірлері бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі, электрондық мекенжайы kense.debp@pavlodar.gov.kz, Ернар Қасымханұлы Кешубаев

 

Жоба бойынша ұсыныстар 30 күнтізбелік күн ішінде, алайда 2018 жылғы «28» тамыздан кешіктірілмей, қабылданады