МҮДДЕНІ БІЛДІРУ СҰРАУЫ

Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., 1 Май көш., 170 мекенжайы бойынша орналасқан «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ «Павлодар қаласының Солтүстік өндірістік аймағында, Спорт сити аумағында «Футбол манежін салу және пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік  әріптестік жобасын (бұдан әрі – МЖӘ) әзірлеудің басталғаны туралы жариялайды және жобаны талқылауға әлеуетті серіктестерді тартуға арналған мүдделерді білдіру сұрауы мен осы жобаны іске асыру бойынша балама ұсыныстар мен нұсқаларды ұсыну туралы хабарлайды.

 

МЖӘ объектісі: Футбол манежі

Орналасқан орны: Павлодар қаласы

Жоба шарттары: «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ ұсынған жоба-сметалық құжаттамасының негізінде, қажетті құрылыс-монтаждау жұмыстарын және іске қосу-реттеу жұмыстар іске асыру, жабық футбол манежінің қызмет етуі үшін қажетті жиһаз және жабдықпен жабдықталуы.

Жобаны іске асыру мерзімі: 1,5 жылдық құрылыс кезеңін қоса есептегенде, 5 жылдан кем емес.

Жобаны қарыз қаражатын тартуды қоса есептегенде, әлеуетті жеке инвестор қаражаты есебінен Павлодар қаласында іске асырук жоспарланған.

Шығындардың орнын толтыру көздері: ҚР «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 9-бабы, 2-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес инвестициялық және операциялық шығындардың орнын толтыру.

 

МЖӘ жобасының негізгі техникалық-экономикалық параметрлері:

  • МЖӘ жобасының құны: жоба-сметалық құжаттамасына сәйкес ҚҚС-ын есептегенде, 1 867 704,71мың теңге;
  • Футбол манежі жобаланатын ғимараты – екі қабатты үй-жай. Ғимаратта ауысымына 100 адамға қызмет көрсету мүмкіндігі бар футбол алаңының үлкен залы орналасқан.
  • Футбол манежінің жалпы ауданы — 7299,1 шаршы метр;
  • Трибуналары – 300 адамға арналған;

 

Анықтамалық ақпаратты келесідей білуге болады:

— «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ,          8 (7182) 619364, 730542 нөмірлері бойынша, бұқаралық-дене тәрбиесі жұмысы бөлімі, электрондық мекенжайы:

kense.ufks@pavlodar.gov.kz,

olifirovich.tatyana@pavlodar.gov.kz,

Байланысушы тұлғалар: Айнұр Мейрамқызы Қоспақова,   Татьяна Владимировна  Олифирович.

— «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, 8 (7182) 32-46-01 нөмірлері бойынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлімі, электрондық мекенжайы kense.debp@pavlodar.gov.kz, Ернар Қасымханұлы Кешубаев

Жоба бойынша ұсыныстар 30 күнтізбелік күн ішінде, алайда 2018 жылғы «28» тамыздан кешіктірілмей, қабылданады