«Ұлы дала елі» бойынша ақпарат

2018 жылғы 3-5 тамыз аралығында Павлодар қаласында Ертіс өзенінің сол жағалауында Астана тас жолының оң жағында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұлы Дала Елі» фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында 100-ден аса киіз үйден тұратын этноауыл орнатылады және келесідей спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен үлгілік өнер көрсетулер өтеді:

5 ұлттық және 3 халықтық спорт түрі бойынша жарыстар, соның ішінде, аударыспақ, теңге алу, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, тас көтеру, гір спорты мен армрестлинг.

Қазақ күресі бойынша жарыстар екі салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтеді.

Аударыспақ бойынша жарыстар 80 келіге дейін және 80 келіден астам екі салмақ дәрежесінде өткізілетін болады.

Сонымен қатар, көкпар, жамбы ату мен қыз қуу атты үш түрі бойынша үлгілік өнер көрсетулер.

Жарыстарға қала мен аудан спортшылары, сонымен қатар, облысымыздың қонақтары қатысады.

Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұсақ қара малмен, грамоталармен және медальдармен марапатталатын болады.