«Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

«Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі» КМҚК-ң орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Камзин көшесі, 39/3-үй,                                тел. 8(7182) 617511.

Лауазымдық міндеттері: қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;   басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімін бекіткен соң, он күнтізбелік күн ішінде Павлодар қ., 1 Май көшесі, 170-үй, 302-кабинет мекенжайы бойынша «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-нде белгіленген ретте әңгімелесуден өтеді.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме, еркін нысанда жазылған өмірбаян, ко білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

      Құжаттар БАҚ-нда конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде 140003, Павлодар қ., 1 Май көшесі, 170-үй, 309-кабинет (3-қабат) мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс, байл. тел. 8(7182) 619382.