Экология жылы шеңберінде Қазақстан және ТМД елдері туристері достығының «Ертіс меридианы – 2018» атты ХХХ-шы ашық облыстық өңіраралық слетін өткізу туралы ақпарат

Экология жылы шеңберінде Қазақстан және ТМД елдері туристері достығының «Ертіс меридианы – 2018» атты ХХХ-шы ашық облыстық өңіраралық слетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының келесі өңірлерінен келген 12 команда қатысты:

1. Омбы қ. «ОДЮЦТиК» (Ресей Федерациясы)
2. Астана қ. «Астана — Жігер»
3. Ақмола облысы «Фирн»
4. Семей қ. (ШҚО) «Орион»
5. Қарағанды облысы «Созвездие»
6. Рудный қ. (Қостанай облысы) «Внедорожник»
7. Қызылорда қ. (Қызылорда облысы) «Вершина»
8. Петропавловск қ. (СҚО) «Северный ветер»
9. Шымкент қ. «Олимп»
10. Павлодар қ. «Пирамида»
11. Екібастұз қ. «ЗЮВС»
12. Баянауыл ауданы «Вершина».

Слеттің спорттық бағдарламасына үш қашықтық енді:
а) «Командалық» қашықтығы
б) «Туристік эстафета» жеке-командалық қашықтығы
в) «Жеке-командалық» қашықтығы.

Конкурстық бағдарламаға үш байқау енді:
фотосуреттер байқауы;
туристік ән байқауы;
“Әккі турист” байқауы (есептен тыс).

Слет қорытындылары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:
1. «Созвездие» командасы (Қарағанды облысы)
2. Екібастұз қ. «ЗЮВС» (Павлодар облысы)
3. Павлодар қ. «Пирамида» (Павлодар облысы)