Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ОКҚ-дегі баспасөз конференциясы

Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қатысуымен, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар облысының 2018 жылғы 10 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында облыс әкімі Б.Ж. Бақауов спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін сөз етті, мысалы, Елбасының спорттық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жолдауы аясында 2019 жылы облыста 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілетін болады.

Бір қадамдық қолжетімділіктің спорт объекттері – толық өлшемді алаңдар (4), спорт алаңдары (14), хоккей корттары (2) салынуда.

Облыс орталығында бюджеттен тыс қаражат есебінен Тәуелсіздік күніне орай, 50 метрлік жүзу бассейні тапсырылатын болады, Мұз аренасының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Усолка өзенінің жайылмалық бөлігінде құрамына биатлон және триатлон тас жолдары енетін, қоғамдық-спорттық аймағының даму жоспары пысықталуда.

МЖӘ саласы бойынша үш ірі жоба – жабық жеңілатлетикалық манеж бен футбол манеждерінің, олимпиадалық резервті даярлау орталығының салынуы жоспарланған.