Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорытынды алқасы

20181206_171634

2018 жылғы 6 желтоқсанда сағат 17.00-де Шахмат үйінде (Естай көшесі, 83) облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевтың төрағалығымен облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасының қорытынды алқасы өтті.

“Облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасының 2018 жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы” баяндамасымен басқарма басшысы Марат Сұлтанбекұлы Айдашев сөз сөйледі.

Алқа жұмысына қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қала мен аудан дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, басқармаға ведомстволық қарасты ұйым басшылары, алуан спорт түрлері бойынша федерация өкілдері, кәсіби спорт клубтарының басшылары және спорттық жұртшылықтың өзге өкілдері қатысты.

Алқа отырысы барысында 2018 жыл ішіндегі жұмыс қорытындыланды, сұрақтар қойылып, тапсырмалар берілді, сонымен қатар, 2019 жылға арналған міндеттер анықталды.

20181206_17153920181206_171555