2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында еліміздің дамуына, соның ішінде, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қомақты үлес қосқан павлодарлықтарды салтанатты құттықтау өтті

20181214_152246 20181214_154146

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен бокс бойынша КСРО-ң халықаралық дәрежедегі спорт шебері, АИБА халықаралық санатындағы төрешісі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Елеусіз Фазылұлы Дүйсеков марапатталды.

Облыс әкімінің өкімімен «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен жүзу бойынша Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, жүзу бойынша республикалық санаттағы төреші Лев Лазаревич Акопов марапатталды.

Облыс әкімінің қаулысымен, алғыс хатпен Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының іс жүргізу жөніндегі инспекторы Айжан Мұратханқызы Копеева марапатталды.

20181214_164442 20181214_164921
20181214_154159