«Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы «Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 138/5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес дайындалды.

Жобаны қабылдау Дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2019 жылдың 25 қаңтарында орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін жолданды.