«Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы «Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес дайындалды.

Жобаны қабылдау Дене тәрбиесі және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2019 жылдың 2 шілдесінде орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін жолданды.