Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасына пресс-релиз.

Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқарсымен Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасы әзірленді:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 тамыздағы «Туризм саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 237/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4702 болып тіркелді, 2015 жылғы 21 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін.
  2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 11/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4931 болып тіркелді, 2016 жылғы 27 ақпанда «Звезда Прииртышья» газетінде, 2016 жылғы 1 наурызда «Сарыарқа самалы» газетінде жарияланды) қаулысына келесі өзгерту енгізілсін.

Осы облыс әкімдігінің қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2381675) 2019 жылғы 9 шілде орналастырылды.

Сонымен қатар жоба Павлодар облысының қоғамдық кенесіне жіберілді.