Павлодар облысының туристік мүмкіндіктерінің «Туризм PVL-2019» өңірлік көрмесі

7 қыркүйекте Павлодар қаласында Павлодар облысында туристік мүмкіндіктердің «Туризм PVL-2019» өңірлік көрмесі және «Ертіс думаны»іс-шарасы өтті. Өз туристік мүмкіндіктерін облыстың барлық қала мен аудандары, сондай-ақ, Баянауыл ұлттық мемлекеттік табиғи паркі, «Ертіс орманы» табиғи резерваты, облыстың туристік ұйымдары көрсетті. Көрме қонақтары-Алтай өлкесі (РФ), Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары.

Іс-шара аясында 3 күндік шлюпкалы ағызу, концерттік бағдарлама, қолөнершілер жәрмеңкесі, суретшілер пленэрі және кемелер шеруі өтті.

«Туризм PVL-2019» өңірлік көрмесі облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыруға, туристік саладағы іскерлік және серіктестік байланыстарды дамытуға және кеңейтуге, қатысушылар арасында тәжірибе және жаңа идеялармен алмасуға ықпал ететін өңір үшін маңызды оқиға болып табылады