«Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Павлодар қаласындағы жабық жеңілатлетикалық манежді салу және пайдалануға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті анықтау бойынша қайта конкурсты жариялайды.

Жобаны іске асыру талаптары:

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: жабық жеңілатлетикалық манеждің құрылысы –18 айдан артық емес (1,5 жыл). Жабық жеңілатлетикалық манежді техникалық ұстау және пайдалану – 42 ай (3,5 жыл).

МЖӘ жобасының құны: ҚҚС-ын ескере отыра, 5 969 514 мың теңге.

МЖӘ объектісінің орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қ., Солтүстік өндірістік аймақ. Жекеше әріптесті анықтау тәсілі: ҚР «МЖӘ туралы» Заңының 31, 35-баптарына сәйкес конкурс арқылы жоспарланған.

Жобаның техникалық параметрлері: «Павлодар қаласындағы жабық жеңілатлетикалық манежді салу және пайдалануға беру» МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасында ұсынылған.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді (белгіленген үлгідегі) Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., 1 Май көш., 170-үй мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2019 жылғы 25 қазанда, 16 сағат 00 минут.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесін жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 13.00-ге дейін және 14.30-ден бастап 18.30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қ., 1 Май көш., 170-үй мекенжайы бойынша алуға болады.

Байланысушы тұлға: Т.В. Олифирович

Телефондар: 8 (7182) 61 – 93 – 64,  66 – 00 — 80

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген Әлеуетті жекеше әріптестер ұсынылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, осының негізінде 2019 жылғы 18 қазанда 16 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде конкурстық өтініммен бірге біліктілікті іріктеу жүргізілетін болады.