«2020-2021 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының туризмді және спортты дамыту жөніндегі басқармасы «2020-2021 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірледі (әрі қарай – Жоба).

Жоба Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Жобаны қабылдау Павлодар облысында спортты дамыту үшін қажет.

Жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе салдары жоқ.

Жоба «Ашық НҚА» порталында 2019 жылдың 1 қарашада орналастырылды, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық Кеңеске ұсыным алу үшін жолданды.