Президенттің Жолдауы


Мемлекеттiк рәмiздер


100 нақты қадам



Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 29 қаңтар - 8 ақпан


ҚАЗАҚСТАН — ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ







Экология жылы шеңберінде Қазақстан және ТМД елдері туристері достығының «Ертіс меридианы – 2018» атты ХХХ-шы ашық облыстық өңіраралық слетін өткізу туралы ақпарат

Экология жылы шеңберінде Қазақстан және ТМД елдері туристері достығының «Ертіс меридианы – 2018» атты ХХХ-шы ашық облыстық өңіраралық слетіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының келесі өңірлерінен келген 12 команда қатысты:

1. Омбы қ. «ОДЮЦТиК» (Ресей Федерациясы)
2. Астана қ. «Астана — Жігер»
3. Ақмола облысы «Фирн»
4. Семей қ. (ШҚО) «Орион»
5. Қарағанды облысы «Созвездие»
6. Рудный қ. (Қостанай облысы) «Внедорожник»
7. Қызылорда қ. (Қызылорда облысы) «Вершина»
8. Петропавловск қ. (СҚО) «Северный ветер»
9. Шымкент қ. «Олимп»
10. Павлодар қ. «Пирамида»
11. Екібастұз қ. «ЗЮВС»
12. Баянауыл ауданы «Вершина».

Слеттің спорттық бағдарламасына үш қашықтық енді:
а) «Командалық» қашықтығы
б) «Туристік эстафета» жеке-командалық қашықтығы
в) «Жеке-командалық» қашықтығы.

Конкурстық бағдарламаға үш байқау енді:
фотосуреттер байқауы;
туристік ән байқауы;
“Әккі турист” байқауы (есептен тыс).

Слет қорытындылары бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпыкомандалық есепте орындар келесідей бөлінді:
1. «Созвездие» командасы (Қарағанды облысы)
2. Екібастұз қ. «ЗЮВС» (Павлодар облысы)
3. Павлодар қ. «Пирамида» (Павлодар облысы)

«Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының «Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды

«Футбол бойынша «Ертіс» олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі» КМҚК-ң орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Камзин көшесі, 39/3-үй,                                тел. 8(7182) 617511.

Лауазымдық міндеттері: қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді.

Біліктілігіне қойылатын талаптар: «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;   басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлер конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалар тізімін бекіткен соң, он күнтізбелік күн ішінде Павлодар қ., 1 Май көшесі, 170-үй, 302-кабинет мекенжайы бойынша «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ-нде белгіленген ретте әңгімелесуден өтеді.

           Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: конкурсқа қатысу туралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме, еркін нысанда жазылған өмірбаян, ко білімі туралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

      Құжаттар БАҚ-нда конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялаған күннен бастап, 15 күнтізбелік күн ішінде 140003, Павлодар қ., 1 Май көшесі, 170-үй, 309-кабинет (3-қабат) мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс, байл. тел. 8(7182) 619382.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың 2018 жылға арналған Бірыңғай республикалық күнтізбесінің негізінде, 2018 жылғы 10-15 тамыз аралығында шаңғы жарысы бойынша кіші (2003-2004 жж.т.), орта (2001-2002 жж.т.) және ересек жастағы (1999-2000 жж.т.) жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты жоспарланған.

Жарыстардың бас төрешісі – Е.А. Кисляков (Павлодар, ЖСҰТ)

Бас хатшы – О. Веселова (Риддер, ЖСҰТ).

Жарыстардың бағдарламасы
10 тамыз ресми жаттығу

«Зеленая роща» шаңғы базасы

сағат 10-00-12-00
10 тамыз Команда капитандарының отырысы (дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәжіліс залы, 1 Май көш., 170-үй, 3-қабат) сағат 17.00-де
11 тамыз Жарыстардың салтанатты ашылуы сағат 09.15-те
11 тамыз Кросс (кіші, орта, ересек жастағы)

«Зеленая роща» шаңғы базасы

сағат 09.30-14.00
12 тамыз Шаңғы роллер, жеке жарыс, еркін жүріс (орта және ересек жастағы)

«Зеленая роща» шаңғы базасы

сағат 09.30-13.00
13 тамыз Шаңғы роллер, жеке жарыс, еркін жүріс (кіші жастағы)

«Ертіс» шаңғы базасы (Усолка ш.а.)

сағат 09.30-12.00
14 тамыз Шаңғы роллер, жеке жарыс, еркін жүріс (орта және ересек жастағы)

«Зеленая роща» шаңғы базасы

сағат 09.30-13.00
15 тамыз Шаңғы роллер, жеке жарыс, еркін жүріс (кіші жастағы)

«Ертіс» шаңғы базасы (Усолка ш.а.)

сағат 09.30-12.00

«Ұлы дала елі» бойынша ақпарат

2018 жылғы 3-5 тамыз аралығында Павлодар қаласында Ертіс өзенінің сол жағалауында Астана тас жолының оң жағында Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұлы Дала Елі» фестивалі өтеді.

Фестиваль аясында 100-ден аса киіз үйден тұратын этноауыл орнатылады және келесідей спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен үлгілік өнер көрсетулер өтеді:

5 ұлттық және 3 халықтық спорт түрі бойынша жарыстар, соның ішінде, аударыспақ, теңге алу, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, тас көтеру, гір спорты мен армрестлинг.

Қазақ күресі бойынша жарыстар екі салмақ дәрежесінде 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтеді.

Аударыспақ бойынша жарыстар 80 келіге дейін және 80 келіден астам екі салмақ дәрежесінде өткізілетін болады.

Сонымен қатар, көкпар, жамбы ату мен қыз қуу атты үш түрі бойынша үлгілік өнер көрсетулер.

Жарыстарға қала мен аудан спортшылары, сонымен қатар, облысымыздың қонақтары қатысады.

Спорт түрлері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұсақ қара малмен, грамоталармен және медальдармен марапатталатын болады.

Құрметті кәсіпкерлер!

Павлодар облысының әкімдігі «Қалқаман-Баянауыл-Ульяновка» республикалық автомобиль жолы бойымен Баянауыл ауданы Мырзашоқы тауының бөктеріндегі тау-шаңғы кешенінің аумағында туристік индустрия объекттерін дамыту үшін кәсіпкерлерді іздестіру жүргізіліп жатқандығын Сізге хабарлаймыз.

Объектті ұстау, жалға беру, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және демалыс, тұрғын үй құрылымы мен т.б. пункттерін ұйымдастыру бойынша қызметті іске асыру қажет.

Осыған орай, аталған ақпаратты назарға алып, мүдделі болған жағдайда, 32-49-94, 53-95-73, 32-95-07 (Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы), 65-12-00, 65-11-36 (Инвестицияларды тарту жөніндегі агенттігі), 61-94-00 (Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы), 65-03-05, 62-02-31-62-02-46 телефондарына («Павлодар» «ӘКК» ҰК» АҚ).

Ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 11-13 мамыр аралығында Май ауданының Қаратерек ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері Хасен Сейітқазинді еске алуға арналған ат спортының көкпар, аударыспақ, теңге ілу атты ұлттық түрлерінен ересектер арасында Павлодар облысының чемпионаты өтті.

Көкпар бойынша облыс чемпионаты командалардың сапқа түзілуімен салтанатты түрде ашылды. Чемпионатқа барлығы 7 команда қатысты. Бұл Екібастұз қаласы Ақкөл ауылының «Пырақ» командасы, Павлодар қаласынан келген команда, Баянауыл ауданының «Қызылтау» командасы мен Май ауданы Саты, Қаратерек, Ақшиман және Жұмыскер ауылдарының командалары.

Көкпардан жарыс қорытындылары бойынша бірінші орын Май ауданы Саты ауылының командасына, екінші орын Екібастұз қаласы Ақкөл ауылының «Пырақ» командасына және үшінші орын Баянауыл ауданының «Қызылтау» командасына берілді. Сонымен қатар, аударыспақ пен теңге ілу бойынша облыс чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Көкпар, теңге ілу, аударыспақ бойынша жарыстардың жоғарыда аталған жеңімпаздары Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.

Сегізінші жыл қатарынан Қазақстанда «Қазақстан Барысы» жобасы жүзеге асырылуда

Жыл санап жобаның қарқыны күшейіп, көрермендерінің саны артып келеді. «Қазақстан Барысы» атағын иелену қазақстандық спортшылар үшін Олимпиада чемпионы атағын иелену секілді мәртебе. Төрт кезеңнен тұратын жобаға 100 мыңнан астам балуан қатысып, 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 миллионнан астам көрермен тамашалайды.

2018 жылғы 30 сәуірде Павлодар қаласында қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында қазақ күресінен «Павлодар барысы» облыстық жарыстарының үшінші кезеңі өткізілді.

Жарысқа қалалық және аудандық турнирлерінің жеңімпаздары және жүлдегерлері, барлығы – 27 спортшы қатысты.

1 орын – Махамбетов Арман – Екібастұз қ., 1992 ж.т., 500 000 теңге

2 орын – Сәлменов Серік – Екібастұз қ., 1993 ж.т., 300 000 теңге

3 орын – Нүрпеисов Әділет – Екібастұз қ., 1985 ж.т,. 100 000 теңге

2018 жылғы 1 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турнирде Павлодар облысының намысын облыстық біріншіліктің жеңімпазы және финалисті қорғайды

Самбо күресі бойынша облыстық турнирі өтті

2018 жылғы 7-9 мамыр аралығында «Баянтау» Спорт сарайының спорт залында 2002-2003 ж.т. Жеңіс күніне арналған жасөспірімдер арасында самбо бойынша облыстық турнирі өтті, жарыстарға Баянауыл ауданынан, балалар-жастар орталығынан, «Батыр» БЖСМ-нен, Павлодар қ. №1 БЖСМ-нен 59 спортшы қатысты. Турнир жеңімпаздары:

— 42 келі — М. Агвай (БЖО);

— 46 келі – О. Мұқит (Баянауыл ауданы);

— 50 келі – А. Жеңіс (Баянауыл ауданы);

— 55 келі – Р. Жұмабеков (№1 БЖСМ);

— 60 келі — Е. Жиенбай (№1 БЖСМ);

— 66 келі – И. Қайрат (№1 БЖСМ);

— 72 келі – Д. Журкин (№1 БЖСМ);

— 78 келі – Б. Бәкір (№1 БЖСМ);

— 84 келі — А. Русанов (№1 БЖСМ);

— 84 келіден астам – А. Абдрашит (№1 БЖСМ).

Павлодар облысының аумағында өткізілетін спорттық іс-шаралардың баспасөз релизі

  1. 25-29 сәуір аралығында сағат 12.00-де «Жұлдыз» стадионында 2005 ж.т. жасөспірімдер арасында футболдан БЖСМ мен ОРМБЖМ арасында облыс чемпионаты.

 

  1. Павлодар — Астана – Павлодар бағыты бойынша №24 ЖОБМ оқушыларының 21-ші дәстүрлі жеңілатлетикалық жүгірісі, басталуы 28 сәуірде сағат 9:00-де, №24 ЖОБМ, мәре 9 мамырда Павлодар қаласының Орталық алаңы.

 

  1. Қосалқы мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері арасында «Еуропаның футбол апталығы» шеңберінде 2006 ж.т. және үлкен дивизиондар бойынша шағын футболдан Special Olimpics республикалық турнирі. 1-2 мамыр «Жұлдыз» стадионы, басталуы сағат 12:00-де.

 

  1. 2005 ж.т. және БЖСМ кіші жасөспірімдері арасында баскетболдан Павлодар облысының біріншілігі. Ойындардың басталуы 5,6 мамырда сағат 9:00-де, Короленко 9/2 көш., №2 ОРМБЖМ.

 

  1. Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында облыстық турнирі. Турнир 29 сәуір-1 мамыр аралығында өтеді, басталуы 30 сәуірде сағат 10:30-да Луначарский көш., 28Б-үй мекенжайы бойынша.

2018 жылдың 19-21 сәуір аралығында «Баянтау» спорт сарайында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған қала мен аудандар арасында спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша XХI-ші облыстық спартакиадасының аясында үстел теннисі бойынша облыс чемпионаты өтті

2018 жылдың 19-21  сәуір аралығында «Баянтау» спорт сарайында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына және Павлодар облысының 80-жылдығына арналған қала мен аудандар арасында спорттың олимпиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша XХI-ші облыстық спартакиадасының аясында үстел теннисі бойынша облыс чемпионаты өтті. Жарысқа 70 астам спортшылар қатысты. Жарыстың қорытындысы келесі түрде аяқталды:

Қалалар арасында:      1 орын – Павлодар қаласы

2 орын – Ақсу қаласы

3 орын – Екібастұз қаласы

     

Аудандар арасында:       1 орын – Павлодар ауданы

2 орын – Успен ауданы

3 орын – Қашыр ауданы

2018 жылдың 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Павлодар қаласы «Автомобилист спорт» сарайында, қазақ күресі бойынша ересектер арасындағы Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевты еске алуға арналған Республикалық турнирі өтті

2018 жылдың 30 наурыз – 1 сәуір аралығында Павлодар қаласы «Автомобилист спорт» сарайында, қазақ күресі бойынша ересектер арасындағы  Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевты еске алуға арналған Республикалық турнирі өтті. Жарысқа республиканың 7  облысыныан және Астана, Алматы қалаларынан 120 астам спортшылар қатысты.

Жарыстың қорытындысы келесі түрде аяқталды:

  • 55 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Сарсенбаев Елдос (Қарағанды облысы), 2 орын Акимбеков Арман (Павлодар облысы), 3 орын Атеев Маргулан и Тлектесов Адиль (Павлодар облысы);
  • 60 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Сейпілұлы Айдос (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Ниетбай Даулет (Алматы қаласы),            3 орын Калымбеков Еркебұлан (Шығыс-Қазақстан облысы) и Каербеков Архат (Астана қаласы);
  • 66 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Искаков Қуаныш (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Берекетов Мейіржан (Шығыс-Қазақстан облысы), 3 орын Құмар Сұңғат (Шығыс-Қазақстан облысы) и Қайыпбергенов Нұрлан (Маңғыстау облысы);
  • 74 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Бейсембаев Елдар (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын – Тоқтасынұлы Тілек (Астана қаласы), 3 орын Елюбай Бижан (города Алматы) и Аруов Аманбек (Атырау облысы);
  • 82 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Манасбаев Бекзат (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Темірханов Данияр (Астана қаласы), 3 орын Толемысов Амангельды (города Алматы) и Кеңес Марат (Астана қаласы);
  • 90 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Мұзаппаров Ерсұлтан (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Жұмахметов Әділжан (Алматы қаласы), 3 орын Данияров Аблайхан (Павлодар облысы) и Аусағитов Алтынбек (Солтүстік-Қазақстан облысы);
  • 100 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Құсайинов Асхат (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Егінбаев Еркебұлан (Павлодар облысы), 3 орын Тұрсынов Мұхит (Шығыс-Қазақстан облысы) и Қабай Бауыржан (Алматы қаласы);
  • +100 кг салмақ дәрежесінде — 1 орын Бегайдаров Ернар (Солтүстік-Қазақстан облысы), 2 орын Төкешов Әділ (Астана қаласы), 3 орын Болатов Толеген (Павлодар облысы);
  • Абсолюттік салмақ дәрежесінде — 1 орын Тұрсынов Мұхит (Шығыс-Қазақстан облысы), 2 орын Қабай Бауыржан (Алматы қаласы), 3 орын Егінбаев Еркебұлан (Павлодар облысы) и Алтынбек (Солтүстік-Қазақстан облысы).

Павлодар облысының аккредиттелген спорт федерацияларымен жиналысты өткізу туралы ақпарат

2018 жылғы 6 наурызда сағат 17.00-де 1 Май көшесі, 170-үй мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасында Павлодар облысының аккредиттелген спорт федерацияларына қатысты проблемалық мәселелер бойынша жұмыс жиналысы өтті.

Жұмыс жиналысы төменде көрсетілген Павлодар облысының аккредиттелген спорт федерацияларының қатысуымен, облыс дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары – Феризат Байсұлтанқызы Сапариеваның төрағалығымен өтті:

  • «Павлодар өңірінің бокс федерациясы» ҚБ ;
  • «Павлодар облысының гір спорты және армрестлинг федерациясы»» ҚБ;
  • «Дзюдо» күресіне қолдау көрсету және дамытудың «Батыр» Павлодар облысы федерациясы» ҚБ;
  • «Павлодар облысының шахмат федерациясы» ҚБ;
  • «Павлодар облысының муай-тай федерациясы» ҚБ;
  • «Пауэрлифтинг, бодибилдинг және фитнес Ұлттық федерациясы» ҚБ Павлодар филиалы;
  • «Спорттың су түрлері федерациясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы;
  • «Қазақстандық дойбы федерациясы» РҚБ филиалы;
  • «Көкпар» федерациясы» РҚБ Павлодар облыстық филиалы;
  • «ҚР жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ Павлодар филиалы.

Жиналысты келесі мәселелер қаралды:

  • Облыс құрама командаларының 2018 жылға арналған тізімін қалыптастыру;
  • Республикалық және халықаралық жарысқа қатысушылардың тамақтану нормалары;
  • Спорт федерацияларын аккредиттеу ережелері.

Дене тәрбиесі және спорт басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған сұрақтар бойынша түсініктеме берді.

Осы жұмыс жиналысының нәтижесінде бірлескен жиналыстарды тоқсан сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тэрбиесі жэне спорт басқармасының «Олимпиядалық резервтің мамандандырылған мектеп -интернат — колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылына техникалық жэне кәсіптік біліммен кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға өтініштерді қабылдайды, 0103000 «Дене тэрбиесі жэне спорт» мамандығы, 0103033 — Спорт жөніндегі оқыгупіы-жаттықтырушы» біліктілігі бойынша техникалық жэне кэсіптік білімімен мамандарды дайындауға оқушылардың санын Басқару органның келісімімен облыс бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырыс негізінде іске асырылады

<< Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы дене тэрбиесі жэне спорт басқармасының «Олимпиядалық резервтің мамандандырылған мектеп -интернат — колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2018-2019 оқу жылына техникалық жэне кәсіптік біліммен кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға өтініштерді қабылдайды, 0103000 «Дене тэрбиесі жэне спорт» мамандығы, 0103033 — Спорт жөніндегі оқыгупіы-жаттықтырушы» біліктілігі бойынша техникалық жэне кэсіптік білімімен мамандарды дайындауға оқушылардың санын Басқару органның келісімімен облыс бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік тапсырыс негізінде іске асырылады

2018 жылғы 18-25 наурыз аралығында Павлодар қаласында Ұлттық лиганың шебер әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасының 26-шы чемпионатының қорытынды 5-ші айналымы өтті

2018 жылғы 18-25 наурыз аралығында Павлодар қаласында Ұлттық лиганың шебер әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан Республикасының 26-шы чемпионатының қорытынды 5-ші айналымы өтті.

Чемпионат қорытындылары бойынша 1-ші орынды Өскемен қаласынан келген «Алтай» командасы, 2-ші орынды Талдықорған қаласының «Жетісу» командасы және 3-ші орынды Павлодар қаласының «Ертіс-Қазхром» командасы иеленді.

 

 

КОМАНДАЛАР 4 айналым ұпайлары 5-ші айналым ұпайлары 5 айналым ұпайлары Жеңістер саны орын
1 «Алтай»                                                   Өскемен қ. 78 20 98 34 I
2 «Ертіс-Қазхром»                               Павлодар қ. 62 15 77 25 III
3 «Жетісу»                                    Алматы облысы 62 17 79 27 II
4 «Алматы»                                            Алматы қ. 50 10 60 20 IV
5 «Астана»                                                 Астана қ. 36 8 44 15 V
6 «Қарағанды»                         Қарағанды обл. 3 1 4 1 VIII
7 Қуаныш»                                                    СҚО 23 6 29 10 VI
8 «Алтай-2»                                             Өскемен қ. 22 7 29 8 VII

2018 жылғы 18 наурызда сағат 09.00-де “Баянтау” Спорт сарайында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында үстел теннисінен Павлодар облысының жек-командалық чемпионаты өтті

2018 жылғы 18 наурызда сағат 09.00-де “Баянтау” Спорт сарайында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында үстел теннисінен Павлодар облысының жек-командалық чемпионаты өтті.

Жарыстарға облыс БАҚ өкілдерінің 5 командасы қатысты (15 адам) (облыстық “Сарыарқа Самалы” газеті, “Халық радиосы”, “Ертіс Медиа” ЖШС-ң 2 командасы,Ertis TV”).

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1.Бірінші орын— «Халық радиосы»;

2.Екінші орын — «Ертіс Медиа» ЖШС;

3.Үшінші орын — «Ertis TV».

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа